
Pexels: Alexander Buzurnyuk
Қазақстан 2025 жылы саяхаттау үшін ең қолжетімді елдердің қатарына кірді.
Бұл туралы VisualCapitalist порталында белгілі болды. Рейтинг BudgetYourTrip, Kayak.com, Booking.com және HelloSafe сияқты туристік платформалар деректеріне сүйене отырып жасалған.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан туристер үшін ең арзан елдер тізімінде екінші орын алды. Ел ішінде туристің бір күндік орташа шығыны — 19 долларды құрайды. Тек Лаоста ғана демалыс арзанырақ — күніне 15 доллар. Үшінші орында — Руанда (21 доллар).
Бұдан бөлек, қолжетімді бағыттар ондығына Гана, Моңғолия, Армения, Буркина-Фасо, Грузия, Мали және Мьянма да кірген.
Ал, ең қымбат туристік елдер қатарында Барбадос (330 доллар), Антигуа мен Барбуда (310 доллар) және Сент-Китс пен Невис (271 доллар) тұр. Мальдив аралдарында бір күндік демалыс орта есеппен 267 долларға түседі.

Фото: Pexels, VisualCapitalist
Дереккөз: Visualcapitalist.com