
Instagram: @raushan_kudaibergen/@sveta_aitbaeva73
Мамырдың екінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерімен қатар, Қазақстанда да Аналар күні аталып өтілді
Бұл — мейірім мен махаббаттың, шексіз алғыс пен ризашылықтың мерекесі. Осы ерекше күні отандық жұлдыздар да аналарын құттықтап, жүрекжарды жазбаларымен және естелік суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісті.
Тележүргізуші Динара Сатжан әлеуметтік желіде анасымен бірге түскен жылы видеоны жариялап, өміріндегі ең маңызды жанға алғысын білдірді.
«Бізді дүниеге әкелген, бағып-қаққан, үнемі қолдап, мейірімін төккен анамызға алғыс айтудың тағы бір себебі! Анаңыздың ақ батасы, тілегі болмаса, бұл өмірде ештеңеге қол жеткізбес едіңіз!
деп жазды Сатжан.
Анаңыз Сізді мақтан етуі үшін, әрі дені сау болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеңіз! Ананың дұғасы ең күшті!»,
Үш баланың анасы Айсәуле Бақытбек те бұл мерекені назардан тыс қалдырмады. Ол анасы Баян Алагөзовамен бірге түскен суретті жариялап, оған деген махаббатын білдірді. Сондай-ақ, өзі де ана рөлінде бақытты екенін айтты.


Instagram/stories: @aissaulebakytbek
Блогер Вероника Жанғалова Аналар күні қарсаңында өзінің жүктілік кезіндегі, перзентханадағы фотоларын жариялап, ұлы Тайдың нәрестелік шағынан бір сәтті еске алды.



Instagram/stories: @_zhangalova
Әнші Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай өз анасы мен енесі, Халық әртісі Роза Рымбаевамен түскен отбасылық суреттерін жариялап, барша аналарды құттықтады.
«Аналарымыз аман болсын!»,
деп жазды Ақерке.

Instagram/stories: @akerkeburkitbay
Ал, әнші Мәдина Сәдуақасова анасымен түскен естелік суретін жүктеп, өзі орындаған «Мама» әнін қойды.

Instagram/stories: @sadvakasovamadina
Димаш Құдайбергеннің қарындасы да бұл мерекеге орай сырға салу рәсімінде анасымен бірге түскен суреттерін жариялады.
«Аналар күні құтты болсын!»,
деп қысқа да нұсқа тілегін қалдырды.
Фото: Instagram