Қазақстандық гимнастика

Olympic.kz

Сингапурда өткен Азия чемпионатында Қазақстанның көркем гимнастика құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы алтын медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы финалда таспамен жаттығуда үздік атанды. Ал, ұршықпен жаттығу түрінде Айым Мейіржанова қола жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста үшінші нәтиже көрсетіп, тағы бір қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, құрлықтық біріншілікте ұлттық құрама топтық жаттығулардың финалында шығыршықта және доппен үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Қазақстандықтар төрешілердің шешімімен 26,65 ұпай жинады. Екінші орын — 25,15 ұпаймен Өзбекстанға, ал үшінші орын — 24,25 ұпаймен Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сондай-ақ, команда бес таспамен жаттығу бағдарламасында екінші орынды жеңіп алды.


Фото: Instagram

Дереккөз: Olympic.kz

Поделиться: