блогерлерге салық

Pexels: George Dolgikh

Қазақстанда инфлюенсерлердің табысына бақылау күшейтілді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 850 танымал блогерге кірісін декларациялау қажеттігі туралы хабарлама жіберілген. Алайда, олардың тек 360-ы ғана табысын өз еркімен көрсеткен.

Жалпы сомасы — 10,5 миллиард теңге. Бұл бір блогерге шаққанда шамамен 30 миллион теңгені құрайды.

Тексеру жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталған. Ең алдымен, әлеуметтік желілерде 20 мыңнан астам жазылушысы бар қолданушылар назарға алынған. Министрлік өкілдері салық органдарының талабын орындамағандарға қолданыстағы заңнама аясында мәжбүрлі шаралар қолданылатынын ескертеді.

Ведомство мәліметінше, бұл науқанның басты мақсаты — қарқынды дамып келе жатқан цифрлық кәсіпкерлік саласында кірістердің ашықтығын қамтамасыз ету және пікір көшбасшыларына заң алдында барлығының тең екенін еске салу.


Фото: Pexels

Дереккөз: El.kz

Поделиться: