мамыр қанша күн демалады

Pexels: cottonbro studio

Көктемнің соңғы айында үш мемлекеттік мереке тойланады.

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар мерекелер мен демалыс күндерін қосқанда, 12 күн демалады.

Мамырдағы барлық мерекелер аптаның ортасына, 1 мамыр бейсенбіге, 7 мамыр келесі аптаның сәрсенбісіне, ал 9 мамыр жұмаға түсіп тұр. Яғни, қалыпты демалыс күндеріне тағы бірнеше демалыс күн қосылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мереке күндерін жылжытуы мүмкін. 

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:

  • Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр (бейсенбі);
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сәрсенбі);
  • Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма);

Осылайша, қазақстандықтар:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр демалады, 2 мамыр жұмыс күні, 3, 4 мамыр демалады, 5, 6 жұмыс күні, 7 демалады, 8 жұмыс күні, 9,10,11 мамыр демалады.
  • алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр демалады, 2, 3 мамыр жұмыс істейді, 4 мамыр демалады, 5, 6 жұмыс істейді, 7 демалады, 8 мамыр жұмыс істейді, 9 мамыр демалады, 10 мамыр жұмыс істейді, 11 мамыр кезекті демалыс күні.

Бірақ, мамыр айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, оларға қатысы бар адамдар атап өтеді.

17 мамыр – Байланыс саласы қызметкерлері күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

25 мамыр (мамырдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.


Фото: Pexels

Дереккөз: Almaty.tv

Поделиться: