
Pexels: Moon Family
Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері жаңа туған сәбилерге қойылған ең сирек есімдер жарияланды.
Қаңтар мен мамыр айларын қоса алғанда тіркелген ерекше есімдер тізімі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйеніп жасалған.
Қыз балаларға қойылған ерекше есімдер:
Анилия, Ару-Айша, Аурелия, Аянажан, Айсері, Айтула, Бакира, Гонул, Ирем, Кираз, Латиффа, Лиэль, Наз-Керім, Нейсара, Нергиз, Нұрсулу, Орынгүл, Сафия-Нұр, Сахинур, Сайора, Силина, Соната, Суханат, Тайиба, Тұмарша, Уасилә, Усаймина, Эсли, Яссалина, Шынгүл.
Ер балаларға қойылған сирек есімдер:
Абдуль Гафур, Абсамат, Адиар, Әли-Хамза, Амион, Бакира, Бақеділ, Жәңгірхан, Ерислам, Идан, Исса, Кадриддин, Кенже, Луи Винсент, Милош, Мирамлим, Мумин, Мұхаммед Әли, Мұхаммед-Саид, Мұхаммед-Уәли, Мұхаммет, Мұхаммедалі, Нұрсадық, Райс, Таңатар, Тектұрмасжан, Тілеуке, Төре-Нұрым, Шердиман, Элад.
2024 жылдағы ерекше есімдер
Айта кетейік, 2024 жылы ата-аналар жаңадан туған ұл балаларына Акиль, Алим Хан, Христос, Тынар, Темір-Сұлтан, Сэмюэл, Симеон, Сейфадин, Прохор, Марьян, Майяр, Илиан, Гурами, Гамлет, Варлам, Буслай, Божен, Артурий, Анувар және Қасымәғали сынды ерекше есімдер қойған.
Фото: Pexels
Дереккөз: Tengrinews