ҰОС ардагері

Pexels: John M

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша Ұлы Отан соғысының ардагері тұратынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде:

  • 111 – Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагері,
  • 16 796 – жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,
  • 26 553 – басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан ардагер,
  • 39 588 – ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері.

2025 жылғы төлем мөлшері: кім және қанша алады

2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 миллиард теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Биыл осы мақсаттарға 17 миллиард теңге қарастырылған.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

2) Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

  • ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

3) Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

  • Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
  • Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).


Фото: Pexels

Дереккөз: Tengri News

Поделиться: