Қазақстанда неке

Pexels: Jeremy Wong

2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда тіркелген неке саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді.

Аталған кезеңде ел бойынша 22,5 мың неке қиылған. Бұл — 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, тек пандемия кезіндегі карантин уақытын есепке алмағанда.

Некеге тұрушылар санының айтарлықтай азаюы Алматы қаласы мен Түркістан облысында байқалады. Алматыда бұл көрсеткіш 21 пайызға, ал Түркістанда 19 пайызға кеміген.

Егер Қазақстан халқының әр 1000 адамына шаққандағы неке санына қарасақ, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жалпы некелесу коэффициенті де төмендеген. Атап айтқанда, қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 4,47-ні құрады. Өткен жылы осы кезеңде ол 5,33 болған. Ең төменгі көрсеткіш — Батыс Қазақстан облысында (3,72), ал ең жоғарысы — Алматы облысында тіркелді (5,26).

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда некеге тұру көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді.

Елімізде ер адамдар үшін некеге тұрудың орташа жасы — 27-28 жас, әйелдер үшін — 24-25 жас.


Фото: Pexels

Дереккөз: Tengri Life

Поделиться: