Әсел Сағатова

Instagram: @asselsagatova

5 мамырда, қазақстандық актриса, «Рэкеттір» фильмінің жұлдызы Әсел Сағатова 40 жасқа толды. Мерейтой иесі туған күніне орай әсерлі жазба жариялады.

Актриса Instagram парақшасына жаңа суретін жүктеп, былай деп жазды:

«Туған күніме арнап бұрын ешкім көрмеген архивтегі суреттерден ерекше коллаж жасап немесе әсерлі видео дайындағым келген. Бірақ қалай болды, солай болды: жай ғана соңғы селфи, жай ғана мен, және, ақыры – 40.
Бұл жасты көп күттім, не күтіп тұрғаны қатты қызық болды. Енді бақылап көрейін. Ішімде жас жоқ – тек миллиондаған оқиға, сансыз түйген ой, ашылған жаңалықтар көп»
,

деді Әсел.

Ол өмірді әр күні жаңа бір жаңалық сыйлайтын сапар ретінде сипаттады:

«Бұл – әлі де жалғасып жатқан жол. Әр қадам сайын қызығы арта түседі. Әр ойдың астарында жаңа бір ашылу жатыр.
Мен өмір сүріп жатырмын, армандаймын, жақсы көремін, ашуланамын, қиналамын, уайымдаймын, қуанамын, көңілім қалады, қателесемін — мұның бәрі тамаша. Барлығы үшін, бәріне және өзіме де алғыс!»,

деп түйіндеді актриса.

Әсел Сағатованы мерейтойымен әріптестері мен өнердегі достары – Қарлығаш Мұхамеджанова, Айнұр Ілиясова, Әсел Сәдуақасова, Нұрлан Қоянбаев, Динара Сұлтан, Әсел Қалиева және басқа да қазақстандық жұлдыздар құттықтады. Сондай-ақ, актрисаның жанкүйерлері де жылы лебіздерін білдірді:

«Жаным, туған күніңмен! Бақытты бол! Сен кереметсің – ақылды, мейірімді, шынайы, адал әрі талантты!», «Әсел, бұл жыл саған көп жаңалық әкелсін», «Ең қызығы – алда деп сенемін», «Сұлу!» – деп жазды желідегілер.


Фото: Instagram

Поделиться: