Баян Алагөзова

Instagram: @bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова үлкен қызы Айсәуле Бақытбекті 29 жасымен құттықтап, отбасылық архивтен естелік фотолар жариялады.

Продюсер Instagram желісінде жариялаған суреттерден Айсәуленің бала күнгі кезін көруге болады.

«Бәрі кеше ғана болғандай… 29 жыл бұрын. Сол қиын, бірақ сондай бақытты күннің әр сәті есімде! Сені қатты күттім. Тоғыз айдың ішінде тоғыз рет ауруханада жаттым. Содан сол күн де келді — 22 мамыр. Сені омырауыма жатқызған сәт есімде. Сен жыладың, ал менің бақыттан көзіме жас келді — ана атандым!

Сол кезде мен небәрі 22 жаста едім, бірақ баяғыдан ана болуды армандағандаймын. Менің кішкентай қызым — ақылды, қызығушылығы көп, көздері моншақтай жарқырап тұратын. Ең әдемі дүкенге жүгіріп барып, саған көйлек пен шашқа тағатын әдемі сәндік бұйымдар алатынмын. Сені киіндіріп, күлімдегеніңе қарап, сондай бақытты болатынмын!»

деп еске алды Баян.

Алагөзова арада қанша жыл өтсе де, қызының әлі күнге дейін кішкентай болып көрінетінін айтты.

«Бүгін де сен мен үшін сол баяғы кішкентай қызсың. Көздерің әлі де солай жарқырайды. Сен – толыққанды, ақылды, парасатты, сымбатты, табысты, нағыз журнал мұқабасына лайықты жансың. Және бұл – рас!

Мен әрқашан сенің жаныңдамын, сені қолдаймын! Менің махаббатым, менің мақтанышым, менің бақытым! Денің сау болсын, әрдайым Әлішердің жанында бақытты бол! Туған күніңмен, менің Айсам!»

деп жазды продюсер.

Айсәуле анасының жазбасына: «Сені жақсы көремін, анашым» деп жауап берді.

Баян Мақсатқызының әсерлі жазбасы оқырмандарын толқытты. Олар Айсәулеге ақ тілектерін жаудырды.

«Қызыңыз әрдайым бақытты болсын. Сондай әдемі, тәрбиелі, сыпайы, әзілге де жақын жан», «Қыздарыңыз өте тәрбиелі болып өскен. Ізетті, жақсы жандар екені көрініп тұр», «Неткен жүрекке жететін жазба! Айсәуле де сіз секілді – идеяға толы, шығармашылыққа жақын» – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: