оргазмға жетудің жолдары

Pexels: Evelyn Chong

Жыныстық қатынас немесе мастурбация кезінде оргазмға жету үшін оған бар күшпен ұмтылуды доғару керек, дейді сексолог әрі қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Трэйси Кокс.

Кокстың айтуынша, оргазмды басты мақсат етудің орнына, өз денеңді немесе жұбыңның денесін зерттеу процесінен ләззат алуға тырысқан жөн. Бұл ішкі қысымды жеңілдетіп, мазасыз ойлардан арылуға және шарықтау шегіне жетуді жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен қатар, баяу әрі ұзақ аймалау да оргазмға қол жеткізуге септігін тигізеді. Сондықтан тікелей стимуляцияға өтпес бұрын, қозуды арттыру мақсатында эротика оқып не көріп, серіктестің жыныс мүшелеріне жанасуынан ләззат алған дұрыс.

Оргазмды тек вибратордың көмегімен сезіне алатын әйелдерге Кокс «дұрыс» немесе «бұрыс» әдіс деген ұғымнан бас тартуға кеңес береді. Оның айтуынша, стимуляцияның ешбір тәсілі жаман емес – тек әркімге қолайлысы бар. Мәселен, вибратор арқылы болатын оргазм әдетте әлдеқайда қарқынды сезіледі, себебі вибрация тіл, саусақ немесе еркек мүшесі арқылы болатын қозудан қарағанда күшті әсер береді. Бұл әсіресе жүйке ұштары бір-бірінен алыста орналасқан әйелдер үшін өте тиімді әдіс.

Егер әйел адам оргазмға жыныстық ойыншықсыз жетуді қаласа, Кокстың айтуынша, клитор жүйке ұштарын нәзік стимуляцияға бейімдеуге тырысуға болады. Ол үшін алдымен вибратор арқылы оргазм шегіне дейін жетіп, содан кейін оны қойып, саусақпен өз-өзіңді шарықтау сәтіне жеткізу қажет. Уақыт өте келе, вибратордың қуатын азайтып, ақырында онсыз-ақ оргазмға жетуге болады.

Сондай-ақ, Кокстың айтуынша, оргазмға жету үшін мастурбация кезінде душ басын немесе гидромассаж ваннасындағы су ағынын пайдалануға болады.


Фото: Pexels

Дереккөз: Lenta.ru

Поделиться: