
Instagram: @altynbekova_20
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқаннан кейін ұлы мен бұрынғы күйеуінің арасындағы қарым-қатынас жайлы айтып берді.
Сабина Instagram парақшасында оқырмандарымен интерактив өткізіп, сұрақ қоюды ұсынды.
Желі қолданушыларының бірі Алтынбекованың баласының әкесіз өсіп жатқаны жайлы қандай сезімде екенін сұрады.
«Ұлыма әкесі толыққанды көңіл бөледі. Екеуінің арасында ерекше байланыс бар, сол себепті ұлым айырмашылықты сезінбейді»,
деп жауап берді Сабина.

Instagram/stories: @altynbekova_20
Сонымен қатар, Сабина баласына ойын кезінде анасы қарап отыратынын айтты. Оның сөзінше, жарыстарға баласымен бірге, анасы мен сіңлісін де ертіп жүреді екен.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың наурыз айында Сабина Алтынбекова ажырасқанын ресми түрде әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Ол 2020 жылдың желтоқсанында продюсер Саят Досыбаевқа тұрмысқа шықты. Ал, 2021 жылдың қазанында ерлі-зайыптылардың ұлы дүниеге келген.
Фото: Instagram