
Instagram: @lenarybakina
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ұйымның ресми сайтында жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл тізімде өзінің үйреншікті орнын жоғалтты.
Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Рыбакина үздік ондық қатарынан шығып қалды.
Рейтингтің көшбасшысы бұрынғыдай – Беларусь Арина Соболенко. Екінші орында – польшалық Швёнтек. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндейді
21 сәуірдегі WTA рейтингі
- 1 (1). Арина Соболенко (Беларусь) – 10 768
- 2 (2). Ига Швентек (Польша) – 7383
- 3 (3). Джессика Пегула (АҚШ) – 6208
- 4 (4). Кори Гауфф (АҚШ) – 6073
- 5 (5). Мэдисон Кейс (АҚШ) – 4999
- 6 (6). Ясмин Паолини (Италия) – 4930
- 7 (7). Мирра Андреева (Ресей) – 4781
- 8 (8). Чжэн Цинвэн (Қытай) – 4193
- 9 (9). Паула Бадоса (Испания) – 3821
- 10 (11). Эмма Наварро (АҚШ) – 3797
- 11 (10). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 3308
- …24. Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1873
Жиі алған жарақаттар мен сырқаттар, сондай-ақ бапкерлер құрамындағы тұрақсыздық нәтижелердің жақсаруына ықпал етпеді. Дегенмен, 2023 жылғы Уимблдон чемпионы Рыбакинаның жасы небәрі 25-те, сондықтан оның қайтадан биік шыңға оралуға мүмкіндігі бар.
Фото: Instagram
Дереккөз: Zakon.kz
Поделиться: