Ерке Есмахан

Instagram: @erke_esmahan

Белгілі әнші Ерке Есмахан екінші ұлының үйде еден жуып жүргенін көрсетті. Ол бұл сәтті оқырмандарымен бөлісіп, желіде қызу талқыланды.

«Исламок бәрін жинап жүреді. Апайларына көмектесіп жүреді. Жарайсың, не деген пысық, еңбекқор бала. Болсаң ана жерге апарып қой. Маған неге беріп жатсың, мен ондай жұмыстарды істемеймін ғой»,

деді Ерке Есмахан.

Еркенің үй жинатқанына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді»,

деп жазды бір желі қолданушысы.

Әнші бұл пікірлерге жауап беріп, өзінің ұстанымын түсіндірді.

«Бұл жұмыс, таза еңбек, жарнама үшін түсірдік дегенді қалай түсіндірсек екен. Мен түсірсін деп жинап жүр, негізі. Адам намыстанбай, білмегенін сұраса нұр үстіне нұр еді. Қазақтың әйелдері қарапайым дүниелерді білмей жатады. Менің үй тазалатқанымды талқылау – тіпті ұят. Мен дүниежүзін аралап, жоқты да, барды да көргенмін. Бірақ асып-тасымаймын. Осы жетеді деп айта алмаймын. Әлі де ізденісте жүрмін. Сіздер де қазіргі заманның ағымынан қалмаңыздар»,

деп жауап берді Ерке Есмахан.

Фото: Instagram

Поделиться: