
Pexels: Anete Lusina
Неке — екіжақты еңбекті қажет ететін күрделі қарым-қатынас жүйесі.
Кейде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас жеңілдігін жоғалтып, оның орнын шаршау мен ішкі қанағатсыздық басады. Мұндай жағдай әркімнің басынан өтуі мүмкін, және бұл — қалыпты құбылыс. Төменде мұның не себептен болатынын түсіндіреміз.
Жеке бостандығыңды жоғалттың
Некеге тұрғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, көптеген әйелдер тұрақты міндеттемелерден, тұрмыстық тіршіліктен және отбасыға қамқорлық жасаудан демалғысы келеді. Мүмкін, сен де кейде қайтадан еркін қыз болып, құрбыларыңмен кешке дейін серуендеп, саяхаттап, тек өзің үшін өмір сүргің келетін шығар. Егер мұндай ойлар сенің уақытыңның көп бөлігін алса, ойланып көр. Сен отбасын құрғанға тым асыққан боларсың немесе жай ғана дұрыс адамды таңдамаған болуың мүмкін.
Күйеуің екеуіңнің араңда шешілмеген кикілжіңдер бар

Pexels: Vera Arsic
Кикілжіңдер кез келген қарым-қатынастың ажырамас бөлігі. Бірақ, жиі ұрсысу, өзара айыптаулар мен түсініспеушіліктер сені эмоционалды түрде шаршатуы мүмкін. Мұндай жағдайда одақтың беріктігіне сенімді болу қиын. Оның орнына қатты шаршау мен бар күшіңді салып тырысуға деген құлшыныстың жоқтығың сезесің.
Күйеуің саған қолдау көрсетпейді және көмектеспейді
Мәселе, ер адамның сенің мәселелеріңе немқұрайлы қарап, қажет болғанда қолдау көрсетуден бас тартуында болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, саған бей-жай қарамайтын адамдармен бірге болуға деген қажеттілік туындайды. Егер некеде ештеңе өзгермесе, сен өзіңнің керек адам екеніңе және маңыздылығыңа күмәндана бастайсың, реніш пен шаршау жиналып, бұл өміріңнің барлық салаларына әсер етеді.
Сенің өмірің бірсарынды және тым қызықсыз

Pexels: Valeria Ushakova
Отбасылық өмірің бір сәтте жұмыс-үй-балалар-тұрмыс сияқты күнделікті істердің монотонды цикліне айналуы мүмкін. Жаңалық пен шытырман оқиғалар сезімі жоғалып, оның орнына бірсарындылық пен зерігу сезімі келеді. Жарқын әсерлер мен ортақ қызығушылықтарсыз, сен ынтаңды жоғалтып, күнделікті өмірден шаршай бастайсың.
Сенің жүзеге аспаған армандарың көп
Шаңырақ көтергеннен кейін, кейбір армандарыңды кейінге қалдырған боларсың. Уақыт өте келе, бұл орындалмаған армандар сені мазалай бастайды және некеде шаршау мен қанағаттанбаушылық сезімін тудыруы мүмкін.
Фото: Pexels
Дерекккөз: HEROINE