
Instagram: @fariza_yeskermes
Қазақстандық актриса Фариза Ескермес, жастық пен сұлулық туралы ой қозғады. Жұбайы оның жазбасына пікір қалдырды.
Фариза Ескермес Instagram-ға жаңа ақ-қара түсті нәзік суреттерін жүктеп, өз ойымен бөлісті.
«Сұлулық пен жастық – бір иллюзия секілді. Қазір мен айнаға қарап, өзіме сүйсіне қарайтын жастамын. Айнадан алыстағым келмейді.
Жаспын, көріктімін, әжім де, ақ шаш та, солыңқы көзқарас та жоқ. Мені жақсы көреді, тіпті тамсанып қарайтындар бар. Жолдасымның махаббатына бөленіп жүрмін, таныс та, бейтаныс та адамдардан жиі жылы сөздер естимін. Бірақ, көп ұзамай бұл жастық орнын ересектікке береді, ал сұлулық түрленіп, басқа кейіпке енеді. Актриса ретінде бұл мәселе мені алаңдата бастады»,
деді «Бажа» телехикаясының жұлдызы.
Фариза дененің сұлулығы тез өтеді деп санайды, бірақ жанның сұлулығы қалады.
«Бәлкім, кез келген тәнде нұр шашатын – тек жанның сұлулығы шығар. Ал сұлулық – сен күн сайын немен өмір сүретініңмен тікелей байланысты.
Күн сайын өзіңді махаббатпен, жақсы ойлармен, жағымды жаңалықтармен, нұрмен, дәмді ас пен жақсы адамдармен, музыкамен, шығармашылықпен байытқың келеді… Сол кезде ғана, бәлкім, өткінші, алдамшы жастықпен қоштасу қорқынышты болмайтын шығар»,
деп қорытындылады актриса.
«Менің саған деген махаббатым мәңгілік»,
деп жазды Фаризаның жұбайы Андрей.
«Табиғи әдемі», «Бәрін дұрыс жаздыңыз», «Мінсіз», «Сізге қарап, тамсанамын», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram