Мадина Сәдуақасова ұлының арманын орындады

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @sadvakasovamadina

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова ұлына Алматыдан пәтер сыйлады. Ұлының қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі видеода көрсетті.

Әншінің айтуынша, ұлы әрдайым мектебіне жақын жерде тұрғысы келген.

«Балаға пәтер сыйласаң оның өміріндегі 10 жылын жеңілдетесің дейді ғой. Ал біз тура мектебіне қарама қарсы үйден пәтер алып, өзіміздің өмірімізді жеңілдеттік. Енді тек жолдан өте саламыз , Алматының кептелісінде сағаттап тұрмаймыз. Үйдің жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, бұйырса 1 қыркүйек күні мектепке осы үйден қатынаймыз»

деп жазды Мадина.

Желі қолданушылары да өз лебіздерін білдірді.

«Құтты болсын, берекелі үй болсын!», «Кұтты болсын. Балапаннын қуанғаны қандай керемет!», «Керемет, бізге де жұғысты болсын», «Жақсыны көрмекке. Бізгеде балапандарымызға үй сыйлау жұғысты болсын!», «Құтты болсын, іші жақсылыққа толы болсын!», – деп жазды әншінің оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше