Камшат Жолдыбаева

Instagram: @kamshat__zholdybayeva/@gazret_kazhymukhanuly

«КешYOU» тобының экс-солисті, әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева күйеуі, актер Ғазрет Ержановпен бірге түскен жаңа фотосуреттерімен желіде бөлісті.

Айта кетейік, Кәмшат пен Ғазрет әлеуметтік желіде бірге түскен фото мен видеоларын сирек жариялайды. Бұл жолғы суреттер жұптың жанкүйерлерін қуантты. Олар бұл түсірілімнің көпшіліктің сұрауы бойынша жүзеге асқанын атап өтті.

«Суреттер сөйлесін»,

деп жазды олар.

Кадрларда Ғазрет пен Кәмшат үстел басында кітап ұстап, екеуі бір-біріне жылы жүзбен қарап отыр. Фотолардың бірінде жұп қол ұстасып көше бойымен серуендеп барады. Екеуінің бірге бақытты екені анық байқалады.

«Қазақтың Джолиі мен Брэді», «Өте әдемі фотосессия. Тірі, шынайы кадрлар. Сіздерге махаббат тілейміз», «Бұл жұп махаббаттың не екенін, қалай сүю және сүйікті болу керектігін көрсете алады», «Ол өтірік жасай алмайды, оның сезімі шынайы, жанып тұр», – деп пікір қалдырды жанкүйерлер.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанып, қызды болды.


Фото: Instagram

Поделиться: