Жылы маусымда өзекті болатын ең сәнді блонд нұсқаларын бірге қарастырайық.
Биыл блонд шаш түсі сәнқой арулардың сүйіктісіне айналды: батыл әрі әсерлі образды ұнататындар үшін бұл басты трендтердің бірі. Егер сен көптен бері шашыңды жаңартуды ойлап жүрсең, бұл – әрекет етуге арналған белгі.
Жылы немесе суық реңктегі ашық түсті шаш сенің образыңа талғампаздық пен есте қаларлық сымбат береді. Ал, танымал жұлдыздардың мысалдары арқылы шабыт алуға көмектесетін трендті нұсқалардың бұл топтамасы өзіңе мінсіз түс таңдауға жол ашады.
Француздық ванильді блонд

Instagram: @anyataylorjoy
Француздық ванильді блонд – нәзік әрі талғампаз образ үшін тамаша таңдау. Ашық, жарқыраған реңк сенің сенімділігің мен сәнді сезетініңді айқын көрсетеді. Шабыт алу үшін Аня Тейлор-Джой мен Памела Андерсон сияқты танымал әлемдік жұлдыздарға қарасаң болады.
Teddy Bear Blonde

Instagram: @beyonce
Қоңырлау, жылы реңкті қалайтындар үшін қола түстес блонд – таптырмас шешім. Бұл түс жазғы көңіл-күй сыйлап, күнге күйген терімен әдемі үйлеседі. Егер бір мезгілде әрі сары шашты, әрі қою шашты қыз болғың келсе, Бейонседен үлгі алып, Teddy Bear Blonde-ты таңда.
Шампан реңкті блонд

Instagram: @nicolekidman
Шампан реңкті блонд – барлық заманға сай классика. Бұл түс суық және жылы реңктердің үйлесімін ұсынса, жұмсақ ауысулар мен қою түстермен әдемі жарасады. Үйлесімді әрі күтімі жеңіл образ үшін түбі жақтарын қоңырқай, ал ұштарын ашық інжу түске боя.
Бал реңкті блонд

Instagram: @adele
Егер сен жылы, алтын түсті реңктерді жақсы көрсең, бал реңкті блондқа назар аудар. Бұл түс жарқын бет бояуымен және жазғы еркін образбен мінсіз үйлеседі. Оған қоса, жылы блондты күту суық реңктерге қарағанда әлдеқайда жеңіл: ондағы сәл сарғыштық кемшілік емес, керісінше басты ерекшелік болады.
Алтын жылтыр блонд

Instagram: @caradelevingne
Шашыңа жылтырлық пен әсерлі шағылыс бергің келе ме? Онда алтын түсті жарқыраған блонд – сен үшін мінсіз таңдау. Бұл каштан және күлгін реңктер арасындағы тамаша баланс, ол образға қанықтық қосып, жүзіңді жарқыратып көрсетеді.
Ақ сары-күлгін реңкті блонд

Instagram: @lilyrose_depp
Лили-Роуз Депп те сән әлеміне ақ сары-күлгін реңкті блондпен жаңаша леп әкелді. Егер сен өзгеше әрі батыл күлгін түсті байқап көргің келсе, осы үлгіден шабыт ал. Ақ сары реңктің арқасында күлгін түс нәзік әрі ерекше көрінеді. Мұндай стиль сенің образыңа сән мен даралық қосып, айналаңнан назар мен қошемет жинайтының анық.
Карамельді блонд

Instagram: @jlo
Толықтай шашты ағартуға дайын болмасаң, бірақ трендке сай шаш үлгісін жасағың келсе, Дженнифер Лопестің әдісін қолдан. Оның карамель түсті блонды – табиғи ашық қоңырқай шаш пен үстіңгі қабаттағы алтын реңкті ұштардың үйлесімі. Бұл түс күйген карамельге ұқсайды және өте әсерлі көрінеді. Шаштың саулығын сақтай отырып сәнде болғың келсе, осы әдісті қолдан.
Кремді блонд

Instagram: @gigihadid
Голливуд жұлдыздарының стилін қайталағың келсе, нәзік кремді блондты таңда. Бұл түс классикалық қызыл кілем образы үшін мінсіз: ол талғампаз бет бояуымен және ұзын кешкі көйлекпен тамаша үйлеседі. Тіпті, күнделікті өмірде де кремді блонд қысқа шашта ерекше және әдемі көрінеді. Джиджи Хадидтің формуласы көмектеседі: кремді блонд + шаш түбін қою етіп бояу.
Фото: Instagram
Дереккөз: TheGirl