Мақпал Исабекова

Instagram: @makosyai

Отандық әнші Мақпал Исабекова Instagram парақшасында тұңғышының туған күніне орай әсерлі жазба қалдырды.

Өнер иесі өз блогында Теодордың балалық шағынан алынған суретін жариялап, ұлына деген тілегін жазды.

«Жаным менің, өмірім менің, бақытым менің! Сені маған бергені үшін Аллаға сансыз шүкір! Саған деген махаббатымды сипаттайтын сөз жоқ, ұлым!

Аман бол балапаным, аманатым! Адал бол балам, Адам бол! Мәнді де сәнді болсын ғұмырың, ботам! Ұлымның туылған күні бүгін»,

деп жазды бақытты ана.

Желі қолданушылары да ақ тілектерін жаудырды.

«Туған күніңмен, балақай! Отбасыңның қуанышы болып өсе бер», «Үш жас құтты болсын! Ата-анаңның мақтанышы бол!», «Перзентіңіздің туған күні құтты болсын! Денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз», «Туған күніңмен, кішкентай ханзада!» — деп жазды әншінің оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: