
Instagram: @aizhuldyz_adaibekova
Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова өзінің Instagram парақшасында таңғаларлық ақпаратпен бөлісті. Ару талай рет сиқырланғанын айтып берді.
«Өз басымнан өтті, талай рет ине, ойынышықтарды таптым. Кімнен екенін беске білемін. Бұл жақсы емес әрекеттер менің иманымды одан әрі өсірді. Дұғасыз үйден шықпаймын, сырттан сыйлық алмаймын дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр минустан плюс жасаймын»
деп жазды Айжұлдыз.
Адайбекованың оқырмандары бұл тақырыпқа қатысты пікірін білдіріп, қолдады.
«Кім болса да, ондай адамнан кеткенің қандай жақсы болған», «Көзіме еріксіз жас келді», «Алла ұлық, денем тітіркеніп кетті», «Сиқыр жасағандардың Құдай жазасын берсін», «Енем маған сиқыр жасаған», «Сиқыр жасаған адамның сиқыры өзіне қайтып оралады. Жеті ұрпағына дейін жалғасады екен» — деп жазды желідегілер.
Айжұлдыз желіге сиқырға қатысты шығармашылық бейнежазба жүктеп, адамға не тілесең, сол өзіңе қайтатынын айтты.
Фото: Instagram