Корей 3 тренд

Instagram: @dlwlrma

Корей қыздары сұлулықтың нағыз шеберлері саналады. Олар күнделікті бет бояуында қандай әдістерді қолдану керек екенін жақсы біледі және әрдайым балғын әрі тартымды көрінеді.

Қазір корей қыздарының макияжын көптеген еуропалық блогерлер де қайталап жүр. Біз осы жазда тренд болатын ең танымал бьюти-хиттерді жинақтадық.

Жарқыраған тері

Instagram: @j_chaeyeoni

Кореялық қыздардың терісі мінсіз сияқты көрінеді. Оның сыры — ерекше күтімде. Олар теріні ылғалдандыруға үлкен мән береді: жылтыр әсерді тек хайлайтерден емес, түрлі сарысулар, тонерлер, эмульсиялар мен кремдердің арқасында алады. Макияж алдында кремді өнімдер қолданады — бұл теріге табиғи жылтыр береді.

Ашық түсті қас

Instagram: @roses_are_rosie

Кореялық қыздар ашық түсті қастар трендін қолдайды, бірақ оны табиғи етіп жасауға тырысады. Олар қастарын толықтай ағартпайды — тек сәл ғана ашық реңк береді немесе мүлде бояу қолданбайды. Басты ереже — шаш түсі қастан бір-екі реңк қоюырақ болуы керек. Сонда нәтижесі табиғи әрі сәнді көрінеді.

Aegyo sal (көз астындағы сүйкімді ісік)

Instagram: @youseeany

Көзді үлкен әрі әсерлі етіп көрсететін тағы бір корей әдісі — aegyo sal техникасы. Шабдалы реңкті кремді бояудың көмегімен көз астына жеңіл «ісік» әсері жасалады. Ал көз астындағы қатпар сызығын ашық қызғылт түсті көз бояуымен айқындап, нәзіктік сыйлайды.


Фото: Instagram

Дереккөз: GRAZIA

Поделиться: