«Испаниядағы демалыс»: Әсел Сағатова Еуропаға саяхаттап кетті

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @asselsagatova

Отандық актриса Әсел Сағатова қызы екеуі жазғы демалысты өткізу үшін Мадридке ұшып барған. Ол Instagram парақшасында күншуақты Испания астанасынан жылы суреттер мен видеолар жариялады.

Актриса алдымен қызы екеуінің Ыстамбұл әуежайында жүрген сәтін көрсетіп, кейін Мадридте түсірілген кадрлармен бөлісті.

«Испаниядағы демалысымыз басталды»,

деп жазды Әсел.

Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, анасы мен қызына жақсы демалыс тіледі.

«Керемет демалыс тілейміз», «Біз де жақында ғана Мадридтен келдік! Қала керемет әсер қалдырды», «Өте сүйкімдісіздер», «Қызыңыз сондай әдемі», «Жақсы демалыс болсын», «Заттарыңызға абай болыңыздар» – деп пікір қалдырды желідегілер.

Кейінірек Әсел Сағатова Испания астанасынан бірнеше фото жариялады. Актриса Мадридтің атмосферасын фотокамера арқылы жеткізуге тырысқан. Оның инста парақшасынан қала көшелерінің тіршілігін, архитектуралық көркімен көз тартқан ғимараттарды көруге болады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше