
Pexels: JÉSHOOTS
Диетолог, нутрициолог София Кованова өнеркәсіптік жолмен дайындалған балмұздақты тұтыну кезінде ересек адам үшін күніне бір стандартты порциядан (мысалы, бір вафельді стақан) артық болмауы керек екенін сеніммен айтады.
Дәрігердің айтуынша, балмұздақ – құрамында май мен қант мөлшері жоғары өнім. Бұл екі компоненттің күнделікті тұтынылуы денсаулық үшін пайдалы емес.
«Егер балмұздақты ас мәзіріне жиі қосқың келсе, жеңіл нұсқаларын таңдауға кеңес беремін – мысалы, жеміс мұзы, жидекті балмұздақ немесе шербет»,
дейді АиФ басылымының маманы.
Диетолог ең зиянды балмұздақ түрі ретінде кілегейлі балмұздақты атап өтті.
Сонымен қатар, маман балмұздақтың үй жағдайында дайындалатын, әрі ересектер мен балалар үшін де қауіпсіз болатын пайдалы баламасын ұсынады – бұл мұздатылған жемістер негізіндегі десерттер.
«Бір мысал – бананды мұздатып, оны жидектермен бірге блендерде езгілеу. Сүтті дәм болу үшін құрамына майлылығы 10%-дан аспайтын аз ғана кілегей қосуға болады. Сондай-ақ, табиғи шырыннан жеміс мұзын да жасауға болады. Мұндай десерттер қауіпсіз, сонымен қатар құрамын өзіңіз бақылай аласыз»,
дейді София Кованова
Маманның айтуынша, балалар үшін де мөлшерге қатысты ұсыныстар ұқсас: табиғи немесе үйде дайындалған өнімдерді тұтынған жөн, күніне тек бір рет қана жеуге болады, күн сайын қайталамаған дұрыс.
Бұл жаңалықтық сипаттағы материал дәрігердің кеңесімен теңестірілмейді. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, міндетті түрде маманмен кеңескен жөн.
Фото: Pexels
Дереккөз: Zakon.kz