Daricorn

Instagram: @daricorn.rr

Танымал блогер Дариға Нұркеев (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның хабарлауынша, интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың ЖҚЕ демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған бейне түсірілген.

«Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,

деді Алматы ПД.

Полиция атап өткендей, мұндай әрекеттер тек жауапсыздық емес, бұл басқалардың өмірі мен денсаулығына саналы түрде қауіп төндіру.

«Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады.

Танымалдылық деңгейі, жазылушылардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң – бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады.

Алматы полициясы ескертеді: заңбұзушылық бар әрбір бейнеден кейін – реакция болады. «Бәріне рұқсат» тақырыбында хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болады»,

делінген хабарламада.

Фото: Instagram

Поделиться: