
Instagram: @djurinskaya
Қазақстандық актриса Жәния Джуринская батыл фототүсірілім жасады – ол пластикалық отадан кейінгі дене пішінін көрсетті.
Екі баланың анасы әлеуметтік желідегі оқырмандарының жылы пікірлерінің астында қалды.
«Қазір мен өзімді қайта танып, жаңа тұлға болып қалыптасу кезеңінен өтіп жатырмын. Бала туған соң, психиканың қалпына келу үшін кемінде бір жыл қажет екен. Бұрын сенбейтінмін, бірақ өмір өзі дәлелдеді»,
деді Жәния.
Фотоға ол қара түсті іш киіммен түсіп, сымбатты денесін көрсетті.
Желідегі пікірлерден:
«Өрт», «Қандай сұлу?!», «Актрисаға керемет жарасымды», «О май гад! Бұл не деген ұзын аяқтар», «Тамаша», «Сұлулықты ештеңе бұза алмайды», «Осындай фотосессиядан кейін үшінші бала да оп-оңай болады», «Жанып тұрған әйел» – деп жазды оқырмандар.
Фото: Instagram