Жәмила Бақбергенова

Фото: ҚР ҰОК

Жәмила Бақбергенова еркін күрестен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің жаңа көшбасшысы атанды. Бұл жайлы uww.org ресми сайты хабарлады.

Бүгінгі күнге дейін бірінші орында 23 жастағы жапон спортшысы Ами Иши тұрған болатын. Ол өткен жылы Тиранда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткендіктен өзінің көшбасшылығын ұзақ уақыт ұстады. Енді оның орнын 29 жастағы қазақстандық Жәмила Бақбергенова басады.

Біздің құраманың көшбасшысы бес ай бойы екінші орында тұрды, бірақ Азия чемпионатындағы төртінші «алтыннан» кейін ол жоғары көтеріле алды. Аммандағы жетістік оған 10 мың ұпай әкелді. Жапондық Ишиға келетін болсақ, ол қазір рейтингте сегізінші орынға тұрақтады.


Фото: ҚР ҰОК

Дереккөз: Zakon.kz

Поделиться: