Жұлдыз Әбдікәрімова

Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан туындаған өзіне қатысты сынға жауап берді.

Көпбалалы ананы қысқа белдемше кигені үшін ұялтуға тырысқандар табылды.

«Осылай қысқа киінуге қалай арыңыз барады?», «Ерсі енді осы жерің, төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартсаңшы», «Ұят сияқты», – деп жазды Instagram қолданушылары.

Алайда 37 жастағы актриса үнсіз қалмай, өз ұстанымын ашық айтты. Ол көпбалалы ана болуы киім таңдауына әсер етпеуі тиіс екенін жеткізді.

Instagram/stories: @zhuldyzabdukarimovaofficial

«Ар деген ұғымның пәлсапасын киім үлгісімен өлшейтін болсаңыз қиын болыпты. Төрт бала тудым деп, өз-өзіме үкім шығаратын мен емес.

Киім арқылы адам бойындағы ұятты бағалайсыз ба? Сіз сияқты адамдар көп екен.

Шынайы ұят – қарапайымдылықта, шынайылықта, табиғилықта және еркіндікте»

деді Жұлдыз.

Instagram/stories: @zhuldyzabdukarimovaofficial


Фото: Instagram

Поделиться: