Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы, бесінші сәбиін күтіп жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова ресми түрде декреттік демалысқа шыққанын айтты.
«Бүгіннен бастап ресми түрде декретке шықтым. Қызық сезім… Уақытша еңбекке жарамсыз деген бір жапырақ қағазды алғаш рет қолыма алып тұрмын»,
деді Жұлдыз.
Актриса құжат рәсімдеу процесінің біраз шаршатқаны туралы да жасырмай жеткізді.
Жұлдыз қазіргі таңда бесінші сәбиіннің дүниеге келуіне орай жаңа үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашында жөндеу жұмыстары тез аяқталады деп ойлаған, алайда бәрі ойдағыдай болмапты. Желі қолданушылары оған шыдам мен күш тілеп, көбірек демалуға кеңес берді.
Жұлдыз ризашылығын білдіріп, бәріне төтеп беретінін айтты.
«Жанашыр оқырмандарым! Қолдауларыңыз бен жылы пікірлеріңізге рахмет! Бұдан да өтемін!»
деп жауап берді Әбдікәрімова.

Instagram/stories: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: Instagram