
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде дөңгеленген ішін көрсетіп, көпшілікті таң қалдырды. Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Жұлдыз дөңгеленген ішін көрсетіп, жазба қалдырды.
«2025 жылға менің жоспарым болған… Алайда, оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы»
деп жазды Жұлдыз.


Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Отандық шоу-бизнес өкілдері – Алтынай Жорабаева, Анна Данченко, Жарқынай Ханайым, Айсәуле Бақытбек, Назима, Жазира Байырбекова және басқалары Жұлдыз бен Қайратты қуанышты жаңалықтарымен құттықтады.
Оларға әлеуметтік желідегі басқа да қолданушылар қосылды.
Алайда, бұл жаңалыққа сенбегендер де табылды:
«Бұл хайп емес пе?», «Мүмкін, бұл тағы бір пранк шығар, бәлкім, кинода жүкті әйелдің рөлін ойнап жатқан болар», «Бәлкім, бейнеклипке түсіп жатқан шығар. Себебі, қызының соңғы қоңырауында іші байқалмаған. Егер рас болса, қуаныштымын», «Төрт баласы бар, сонымен шектелуге де болады ғой», «Мен төрт баладан кейін енді босанбайды деп ойлағанмын», – деп өз болжамдарымен бөлісті әлеуметтік желі қолданушылары.
Фото: Instagram