Айнұр Ілиясова

Instagram: @ainur_ilyasova

Қазақстандық актриса және «MOM’sкий әңгіме» подкастының жүргізушісі Айнұр Ілиясова өзін қабылдаудың маңыздылығы туралы ойымен бөлісті.

Айнұрдың айтуынша, бір іс-шарада оған шамамен жетпістегі әйел келіп, актрисаның арқасы ашық көйлектегі фотосессиясын көргенін айтыпты. Ол Айнұрды сынамағанын, керісінше, өзі де сондай батыл болғысы келетінін жеткізген.

«Ол кісінің бұл сөзді айтқаны қандай жақсы. Өйткені көп адам бұған бара алмайды. Өзіне рұқсат етпейді. Сосын басқаларды айыптайды.

Иә-иә, білемін. Сіздер бұл көп айтылатын сөз тіркесінен шаршадыңыздар: «Өзіңе рұқсат бер». Бұл сиқырлы батырма сияқты естіледі, бәрі басып жатыр, ал сен баса алмайсың.

Бірақ, шындық мынада: өзіңді қабылдай бастағанда, өзгелерден қауіп емес, еркіндікті көресің.

Ішкі дүниеңде «болады» деген сенім артқан сайын, басқалардың «қажет» дегенін бақылағың келмейді. Сондықтан… арқа ашық болсын. Ал жүрек одан да ашық болсын»,

деді Айнұр.

Жанкүйерлері мен әріптестері Ілиясованы қолдады.

«Біздің қазақ әйелдерінің маған ұнайтын қасиеті — парасатпен, әдемі және ар-ұятын сақтап киіне білуі», «Сұлу», «Жақсы көремін», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: