
Instagram: @kair_n
Танымал қазақстандық әртіс Қайрат Нұртас өзінің жұбайы мен төрт баласының анасы Жұлдыз Әбдікәрімоваға туған күнінде өлең жолдарын арнады.
14 сәуірде Жұлдыз Әбдікәрімова 37 жасын атап өтті. Қайрат әлеуметтік желіде жүрекжарды өлең жолдарын арнап, өз сезімімен бөлісті.
«Жүрегімнің дауасы,
Ұл-қызымның анасы,
Лайықты жан өзіме,
Дүниедегі жанашыр.
Ыстық оттай сезіммен,
Заманым тыныш өзіңмен. Жұлдызым, туған күніңмен!»,
деп жазды әнші.
Қайрат Нұртас бұл өлең жолдарымен бірге жарының ақ көйлектегі әдемі cуретін жариялады. Әншінің оқырмандары әншінің шынайы құттықтауына тәнті болып, отбасына бақыт тіледі.
«Керемет! Не деген сөздер! Бақытты ғұмыр кешіңіздер», «Қайреке бақытты болыңдар!», «Жеңгейдің жаңа жасы құтты болсын, Қайреке», «Құттықтағаныңды көріп біз де бақытты болып отырмыз», «Не деген арнау!», «Көрген сайын жүрегім тынышталады», «Өте әдемі әйел», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram