
Instagram: @erke_esmahan
Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа фотоларын жариялап, жазба қалдырды.
Жаңа кадрларда Ерке сұр түсті пижама стиліндегі киіммен бой көрсеткен. Образын қара шағын сөмке мен күннен қорғайтын көзілдірік толықтырып тұр.
««Мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтанышақтыққа жататын шығар. Бірақ, ол менің күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір.
Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла»,
деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Еркенің жазбасына жылы пікірлерін қалдырды:
«Ұзағынан болсын дегім келеді!», «Осындай мақтаншағыныңызбен қаншама адамға ңұр сыйлайсыз», «Сені жақсы көреміз! Ел айта береді, тыңдамаңыз! Бәрі жарасып тұр», «Әдемісіз, нәзіксіз. Бақытты болыныз. Аман-есен босанып алыныз!», «Өз-өзін жақсы көру – мақтаншақтық емес», – деп жазды олар.
Фото: Instagram