
Instagram: @kulambayevaa
Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен турнирде жұптық сайыста жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жібек Құламбаева латвиялық теннисші Дарья Семенистамен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалдық кездесуде қазақстандық-латвиялық дуэт чехиялық Джессика Малечкова мен Мириам Скодан басым түсті. Қорытынды есеп: 4:6, 6:3, 11:9.
Бұл жеңіс Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші чемпиондық атақ болды. Сәуір айының соңында ол италиялық Фосса Уэргомен бірге Мадридте өткен турнирде де жеңіске жеткен болатын. Жалпы Құламбаеваның еншісінде ITF аясында 40 титул бар: оның 35-і — жұптық, 5-еуі — жекелей разрядта.
25 жастағы Жібек қазіргі уақытта WTA рейтингінде жекелей сында 314-орында, ал жұптық сында 140-орында тұр.
Фото: Instagram