Жыныстық өмірді жарқын етуге көмектесетін әдеттер

Pexels: cottonbro studio

Стресс, шаршау мен өзгерістің жетіспеушілігі уақыт өте келе интимдік қатынасқа деген қызығушылықты төмендетуі мүмкін. Соның салдарынан жұптар бір-бірін таңғалдырудан қалады, күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешумен ғана шектеледі, ал жыныстық қатынас ләззат емес, міндет секілді көріне бастайды.

Мұның алдын алуға болады — егер кейбір пайдалы әдеттерді дамытсаң.

Эротикалық романдар оқы

Егер өзіңді еркін сезінгің келсе, бірақ қалай бастарыңды білмесең, сезімтал әдебиет әлеміне ен. Мұндай кітаптар қиялыңды оятады, әртүрлі эрогенді аймақтар туралы мағлұмат береді, тілмен өз қалауыңды әдемі жеткізуге үйретеді. Ұнаған үзінділерді арнайы күнделікке түртіп алып не белгілеп отыруға болады.

Бүгінде эротикалық кітаптардың түр-түрі дүкен сөрелерінде тұр. Алғашқы қадамыңды классикадан бастауға болады — мысалы, Э.Л. Джеймстің «Сұрдың елу реңкі» немесе П. Реаждың «О туралы хикаясы».

Әйел денсаулығын назарда ұста

Гинеколог пен эндокринологқа тұрақты түрде қаралып тұру — сапалы жыныстық өмірдің негізі. Либидоға әсер ететін қиындықтардың алдын алу үшін жамбас қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеу жасап, гормондарды (прогестерон, тестостерон, пролактин) тексеріп тұр.

Микрофлораның жағдайына да ерекше мән бер. Тағам рационына ашытылған сүт өнімдері мен пробиотиктерді қосып, синтетикалық ішкиімді табиғи, мақтадан тігілген түрлеріне алмастыр.

Ыңғайлы аймақтан шығып көр

Рөлдік ойындар, ерекше жердегі жыныстық қатынас немесе эротикалық фильмдер қарау — барлығы қатынасты жандандыруға көмектеседі. Мұндай тәжірибелер жұпқа бір-бірін жақынрақ тануға және эмоционалды түрде байланыс орнатуға себеп болады.

Ең бастысы — бұл тәжірибелер екеуіңе де қызықты болып, жағымсыз эмоция тудырмауы тиіс.

Саналылықты дамыт

Жыныстық өмірдің бірсарынды болуы — оны аса маңызды емес деп қабылдай бастағаныңның белгісі. Бұл ойдан арылып, интимнен көбірек ләззат алу үшін арнайы техникаларды меңгеріп көр.

Мәселен, «4–7–8 тыныс алу» әдісін қолдан: 4 секунд тыныс алып, 7 секунд кідіріп, 8 секундта тыныс шығару. Сонымен қатар, жақындасу алдында «денені сканерлеу» жаттығуын жаса: денеңе зейін қойып, қай жерлерде кернеу барын сезініп, оны санамен босатуға тырыс.

Жұбыңмен жыныстық қатынас туралы көбірек сөйлес

Бұл екеуіңе де ашық болуға және интимдік өмірді қызықты етуге көмектеседі. Бірақ мұндай әңгімелердің пайдалы болуы үшін мынадай ережелерді сақта:

  • бір-біріңе жиі жылы сөздер айтыңдар;
  • бірінші жақпен сөйле («Мен баяғыдан бері мына нәрсені байқап көргім келеді…»);
  • метафора қолдан.

Интимдік бұлшықеттерді жаттықтыр

Кегель жаттығуларының пайдасы туралы көпшілік біледі. Бірақ, классикалық жаттығулар қызықсыз көрінсе, йогамен айналысып көр: көпір, көбелек қалпы және «төмен қараған ит» сияқты қалыптар сексуалдылықты ашуға көмектеседі.

Тағы бір нұсқа — вибрациялық массаж немесе вагиналды шарлар. Бірақ, бұндай жаңашылдықтарды бастамас бұрын маманмен кеңес.

Атмосфера қалыптастыр

Ұйықтау бөлмесіндегі жарық, төсек жапқыштары мен иістердің маңызын көпшілік ескере бермейді. Алайда, олар сексуалдық тартылысты күшейтіп не бәсеңдетіп жіберуі мүмкін.

Көңіл-күй үшін жарықты бәсеңдетіп, роза түсті шамдарды жақ. Жасмин не ваниль иісті шамдар да көмектеседі. Мақта жаймаларды жібекке, ал қарапайым ішкиімді мөлдір пеньюарға ауыстырып көр.


Фото: Pexels

Дереккөз: HEROINE

Поделиться: