Жыныстық қатынас

Pexels: Ron Lach

Өкінішке қарай, жасөспірім кезінде көпшілігімізде дұрыс әрі сапалы жыныстық тәрбие бола қойған жоқ. Бұл туралы ақпарат көбіне әзіл-қалжыңдардан, достардың әңгімелерінен, фильмдердің эпизодтарынан немесе порнографиялық материалдардан алынатын.

Бірдеңесі рас болғанымен, жыныстық қатынас жайлы түсініктердің басым бөлігі — мифтер. Енді солардың шындығын ашатын уақыт келді.

1-миф. Ер адамдардың саны артқан сайын қынап кеңейеді және «тозады»

Ер адамдардың өздерінің жыныс мүшесінің «кереметтігіне» сеніп, әйелдерді осындай жалған сенімдермен қорқытқысы келетіні жасырын емес. Алайда, қынап жыныстық ер адамдардың санына байланысты кеңеймейді де, тозбайды да. Бұл — әйелдердің жыныстық еркіндігін шектеуге бағытталған ескі стереотип. Әдетте мұндай «қорқынышты әңгімелер» еркін өмір сүретін әйелдерге арналады.

Шын мәнінде, қынап — өте икемді мүше. Ол қозған кезде жыныстық қатынасқа дайындалып кеңейеді, ал одан кейін қайтадан бастапқы қалпына келеді. Оның өлшеміне әсер етуі мүмкін жалғыз фактор — босану ғана. Бірақ, нәрестенің өлшемін жыныс мүшесінің өлшемімен салыстыруға келмейді.

2-миф. Алғашқы жыныстық қатынас міндетті түрде ауырсынумен және қан кетумен өтеді

Жоқ, бәрінде емес. Бұл адамның көңіл күйіне, дайындық деңгейіне және ағзаның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Алғашқы жыныстық қатынаста ауырсыну мен қан болуының себептері әртүрлі: гинекологиялық аурулар, етеккірге жақын уақыт, қан бөлінуін тудыратын дәрілер қабылдау. Сондай-ақ, ауырсыну мен қанның болуы әйелдің психологиялық тұрғыда дайын болмауына да байланысты:

  • қынап қабырғаларының тартылып қалуы;
  • жеткілікті ылғалдың болмауы;
  • серіктестің дөрекі немесе асығыс әрекеттері.

Кейде алғашқы қатынас кезінде қынап кіреберісінде орналасқан қыздық перде (гимен) зақымдануы мүмкін. Оның құрылымы әр адамда әртүрлі, кейбір әйелдерде мүлде болмайды. Әдетте оның ішінде етеккір қаны өтетін бірнеше тесік болады. Қыздық перде сезімтал болуы да, болмауы да мүмкін — бұл оның құрылымы мен жүйке ұштарына байланысты.

Гимен тек алғашқы жыныстық қатынаста емес, мысалы, велосипед тебу, гимнастика, тампон немесе мастурбация кезінде де зақымдануы мүмкін. Бұл — біздің бақылауымыздан тыс нәрсе.

3-миф. Тек ену ғана жыныстық қатынас болып есептеледі

Көпшілік арасында тек ер адамның мүшесі пен қынаптың жанасуын ғана «жыныстық қатынас» деп санау әлі де бар. Бұл — коитальдық императив деп аталатын көзқарас. Оған сәйкес, «дұрыс» жыныстық қатынас тек ұрықтандыру мақсатында жасалуы керек, ал аяқталуы міндетті түрде ер адамның оргазмымен түйінделуі тиіс. Мұндай көзқарас адамдардың сексуалдық өмірін шектеп, ләззат алу мүмкіндігін азайтады.

Шын мәнінде, жыныстық қатынас — әр адам үшін ерекше, кең ауқымды әрекеттер жиынтығы. Мысалы:

  • мастурбация — өзіңмен сексуалдық әрекет;
  • оральды және анальды жыныстық қатынас;
  • секстинг және виртуалды жыныстық қатынас;
  • порнография көру;
  • секс-ойыншықтарды қолдану.

Жыныстық қатынаста ену болуы немесе болмауы — адамның таңдауы. Ең бастысы — барлық қатысушылардың өз еркімен және белсенді келісімімен жүзеге асуы.

4-миф. Жыныстық қатынас міндетті түрде оргазммен аяқталуы керек

Тағы бір қате түсінік — оргазмдық императив. Бұл көзқарас бойынша жыныстық қатынастың басты мақсаты — оргазмға жету. Оргазмға жеткізбейтін әрекеттер тек «сәтсіз жыныстық қатынас» деп бағаланады.

Ал шын мәнінде, оргазм кейде жыныстық қатынассыз да болады. Мысалы, бұлшықеттердің тартылуы кезінде миотониялық оргазм пайда болуы немесе ұйқы барысында оргазм болуы мүмкін.

Сонымен қатар, жыныстық қатынас міндетті түрде оргазммен аяқталуы тиіс емес. Бұл әйел оргазмын елемеу дегенді білдірмейді. Кейде түрлі сексуалдық тәжірибелердің өзі оргазмнан да қызығырақ болады. Ал оргазмның өзі әрдайым ләззат сыйлай бермейді, кейде ол тек физиологиялық разряд қана болуы мүмкін.


Фото: Pexels

Дереккөз: Горящая изба

Поделиться: