Жыныстық қатынас

Pexels: Eugenia Remark

Жыныстық қатынас кейде кенеттен, жоспарсыз бола береді. Мұндай сәттерде сезім мен құмарлық бәрінен маңызды көрінеді. Дегенмен, жақындық алдында аулақ болған жөн бірнеше жағдай бар.

Бұл кеңестер жыныстық қатынасты бұзып алмауға көмектеседі.

1. Ащы әрі майлы тағам жеу

Ішіңде жайсыздық болса, жақындық туралы ойлау қиын. Сондықтан жыныстық қатынас алдында не жейтініңе мән бер. Ащы тағамдар қыжыл шақырып, жайсыздық тудыруы мүмкін. Ал бұршақ тұқымдас және орамжапырақ сияқты тағамдар іштің кебуіне, газ түзілуіне, асқазанның бұзылуына әкеп соғады. Тым майлы тағам да ас қорыту жүйесіне ауырлық түсіреді. Мұндай жағдайда белсенді қимыл жасауға құлшыныс азаяды.

Оның орнына жеңіл әрі дәруменге бай тағам таңда. Мысалы, құрамында магний көп шпинат қосылған салат. Магний қан айналымын жақсартады.

2. Қырыну немесе депиляция жасау

Жақындық алдында өзіңе күтім жасау орынды. Бірақ, дәл жыныстық қатынас қарсаңында қырыну немесе депиляция жасаған жөн емес. Теріңде болар-болмас жарақаттар жұқпалы ауруларға, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, терінің тітіркенуі жыныстық қатынас кезінде жайсыздық тудырады.

Сол себепті бұл процедураларды жоспарланған жыныстық қатынастан кем дегенде бір күн бұрын жасаған дұрыс.

3. Көп мөлшерде ішімдік ішу

Бір-екі стақан шарап романтикалық көңіл-күй қалыптастырып, еркіндік береді. Бірақ, шектен тыс ішімдік жыныстық қозуды төмендетіп, ләззат алуды қиындатады. Мөлшерді білу маңызды.

4. Белсенді жаттығу жасау

Көп сағат спортзалдағы жаттығулар немесе ауыр физикалық жұмыс жыныстық құлшынысты азайтады. Дегенмен, жаттығудан толық бас тарқан да дұрыс емес.

Америкалық дәрігер Энтони Хакнидің айтуынша, бұл күні ауыр жаттығудан гөрі жеңіл физикалық белсенділікпен шектелген дұрыс: жаяу жүру, жүзу немесе би жақсы балама.

5. Аллергияға қарсы дәрі ішу

Аллергия белгілері өздігінен-ақ көңіл-күйді бұзуы мүмкін. Ал, оларға қарсы дәрілердің көбісі ағзадағы шырышты қабықтарды құрғатады. Бұл мұрыннан су ағуын тоқтатса да, қынаптың құрғауына әкеледі. Сонымен қатар, мұндай дәрілер ұйқыға тартып, кедергі келтіреді.

АҚШ дәрігері Лорен Стрейхердің айтуынша, егер дәрі ішпей тұра алмасаң, оны жыныстық қатынастан біраз уақыт бұрын қабылда.

6. Лубрикант туралы ұмыту

Лубрикант (қосымша ылғалдандырғыш) жыныстық қатынасты жайлы етіп, ауырудың алдын алады. Сондықтан оны арнайы орынға қойып, қайда екенін нақты біліп жүр. Қажетті сәтте таба алмау романтикалық көңіл-күйді бұзуы мүмкін.

Сондай-ақ, мөлшерін үнемі тексеріп тұр. Егер қынапта құрғақтық болса, лубрикант қолдану жайлылық пен оргазмға жету жолында үлкен рөл атқарады.


Фото: Pexels

Дереккөз: HEROINE

Поделиться: