
Instagram: @iligai_group
Әли Оқаповтың жұбайы әнші Ақерке Бүркітбай сахнадағы әріптестерімен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялап, топтарының атауы өзгергенін хабарлады.
«Жаңа атаумен, жаңа репертуармен, жаңа костюмдермен жаңаланып жатырмыз»,
деп жазды қыздар.
Суретте Ақерке қобызшылар Ғалия және Райханмен бірге тұр. Енді олардың триосы «Iligai» деп аталады. Бұған дейін арулар «Assyl» тобының құрамында өнер көрсеткен болатын.
Қыздар сахналық көркем костюмдермен көзге түсті. Жанкүйерлер олардың жаңа стилін жоғары бағалады.
«Қыздар, шығармашылықтарыңызды, сахнадағы өздеріңізді ұстағандарыңыз бен киім үлгілеріңізді қатты ұнатамын», «Сұлу қыздар. Бұл стилистен айырылуға болмайды. Заманауи, сәнді әрі этно стиль», «Қазағымның сұлу қыздары», «Костюмдер қандай керемет!», «Сіздер маған өте ұнайсыздар», — деп пікір білдірді оқырмандар.
Фото: Instagram