Жазға арналған сөмке

Instagram: @erke_esmahan

Егер жаздың еркін рухы мен 70-жылдардың сәнін сипаттайтын бір ғана затты таңдауға тура келсе, көпшілігі тоқылған себетті атар еді. 2025 жылы дизайнерлер тағы да Джейн Биркиннің стилінен шабыт алуда — ол тоқылған себеттерді тек жазғы көйлектермен ғана емес, сонымен бірге жакетпен, шалбармен, тіпті кешкі көйлектермен үйлестірген.

Бүгінде бұл аксессуар қайтадан трендте. Спойлер: мұндай сөмкелерді тек жағажайда ғана емес, қалада да еш қиындықсыз ұстауға болады. Төменде жылы маусымға сәнді сөмке таңдаудың жолдарын ұсынамыз.

2025 жылы сәнді киім үлгісін қатты каркасты сөмкесіз елестету қиын. Мұндай сөмкелер пішінін жақсы ұстайды, себетке немесе қорапшаға ұқсайды. Ең қолайлысы — орташа немесе шағын өлшемдегі үлгілері: ықшам болғанымен, қажетті заттардың бәрі сыяды. Трапеция пішінді (оның ішінде төңкерілген түрі де) немесе классикалық тік төртбұрыш пішінді сөмкелерге назар аудар. Дөңгелек түрлері де жарайды, бастысы — классикалық жағажайға ұстайтын шопер сөмкелеріне ұқсамауы керек.

Instagram: @oliviatps

Сөмкенің тоқылу ерекшелігі де маңызды рөл атқарады. Биыл тығыз өрілген сабаннан немесе рафиядан жасалған үлгілер сәнде. Мұндай текстура сөмкені ұқыпты етіп көрсетеді және оны жазғы демалыс стиліне де, қаладағы күнделікті образға да оңай үйлестіруге мүмкіндік береді.

Қысқа немесе орташа тұтқалы сөмкелерге тоқталған жөн. Егер оны иыққа асып немесе cross-body ретінде таққың келсе, бауы былғарыдан немесе матадан тігілген түрлерін таңдаған дұрыс.

Бұл жазда сүтті, құмды, карамель және бал реңктеріндегі сөмкелер ерекше танымал болмақ. Дегенмен, егер саған ашық әрі жарқын түстер ұнаса, пастель палитрасынан таңдап көр: балқытылған май, таңқурай қосылған сүт немесе нәзік лаванда реңктері де трендте.


Фото: Instagram

Поделиться: