
Instagram: @erke_esmahan
Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сұрақтарға жауап берді. Ол өзінің байлықта өмір сүріп жатқаны туралы пікірге қатысты ойымен бөлісіп, маңызды өмірлік құндылықтар жайлы айтты.
Ерке дәстүрлі «сұрақ-жауап» айдарын өткізді. Ол гендерлік пати жасамайтынын, сонымен қатар 40 күн босанғаннан кейін үйде отыратынын айтты.
Оқырмандардың бірі «Байлықта өмір сүріп жатырсыз» деп жазды. Әнші бұл мәлімдемеге жауап берді.
«Ақшаға қатысты нәрселерді байлық деп санамаймын. Оның барлығы күнделікті өміріміз. Аллаға шүкір. Сол үшін еңбектендік, әлі де күйеуім екеуміз еңбек етудеміз. Жақсы өмірге талпынудың айыбы жоқ.
Ал менің түсінігімдегі, өмірімдегі таза байлық – жүрегімнің тыныштығы, иман. Жанұя, бала-жаға, жан-жақтың денсаулығы мен амандығы. Психикамның түзулігі, тұлабойымның саулығы. Көмекшілерімнің барлығы, қалаған уақытымда ұйықтап тұратыным, қалаған уақытымда балаларымды сүйіп, күйеуімді құшақтай алатыным. Тағысын тағы…
Ішімді түсініп тұрсыздар ғой. Міне осыларды байлықта өмір сүріп жатырмын деп еркелеп айта аламын. Шүкір!»,
деп жазды Ерке.

Instagram/stories: @erke_esmahan
Фото: Instagram