Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»

Instagram: @lenarybakina

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды. Осы жеңісі оған қандай табыс әкелді?

Рыбакина екінші айналымда америкалық теннисші Ива Йовичті, ал бірінші кезеңде аргентиналық Хулия Риераны жеңіп, үшінші айналымға шықты.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, үшінші кезеңге өту арқылы Елена 168 000 еуро (шамамен 97 млн теңге) және 130 рейтингтік ұпай иеленген.

Биыл «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 000 еуроны (шамамен 32,6 млрд теңге) құрайды. Турнир жеңімпазы 2 550 000 еуро (шамамен 1,4 млрд теңге) және 2000 рейтингтік ұпай алады.

Қазіргі «Ролан Гаррос» чемпионы — әлемнің бесінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швёнтек.

«Үлкен дулыға» турнирлері — әлемдегі ең беделді әрі ірі төрт жарыстың жиынтығы. Оларға Австралия ашық чемпионаты (Australian Open), Франция ашық чемпионаты («Ролан Гаррос»), Уимблдон турнирі және АҚШ ашық чемпионаты (US Open) кіреді.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жеке жарыста Қазақстан атынан Юлия Путинцева да өнер көрсетуде. Ол 29 мамыр күні қытайлық Тайпей елінің өкілі Джоанна Гарлэндке қарсы екінші айналымда ойнайды.


Фото: Instagram

Дереккөз: Sport.kz

Поделиться: