
Instagram: @yerabroo/@ermek_shinbolatovv
Қазақстандық актер Ермек Шынболатов алғаш рет әке атанды. Бұл туралы ол Instagram-да сәби мен оның анасының перзентханадан шыққаннан кейін түсірілген суреттерін жариялап хабарлады.
Сәуір айының ортасында «Дәстүр» фильмінің басты кейіпкері Ермек Шынболатов пен жұбайы тұңғыш сәбилерін күтіп жүргендерін хабарлаған еді. Ерлі-зайыпты табиғат аясында ковбой стилінде фототүсірілім жасап, қуаныштарымен бөліскен болатын.
Ермек әлеуметтік желідегі әріптестерімен және жанкүйерлерімен қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықты. Ол Instagram stories-те жылы кадрлар жариялады: алғашқы фотода – төсек үстіндегі нәрестені, гүл шоқтары мен сыйлықтарды көруге болады. Бөлме түрлі-түсті шарлармен безендірілген.
«Қош келдің, ұлым»,
деп жазды актер.
Екінші суретте Ермек Шынболатов сүйікті әйелімен бірге түскен – ол оны құшақтап, маңдайынан сүйді.

Instagram/stories: @ermek_shinbolatovv
Фото: Instagram