
Instagram: @asselsadvakassova
Қазақстандық актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Ол экс-жолдасымен дос болып қала алмағанын мойындады.
Әселден оқырманы бұрынғы күйеуі Мағжан Тілеухановпен ара-қатынасы жайлы сұрады.
«Біз қарым-қатынасты толығымен тоқтаттық, оған да біраз уақыт болды. Бастапқыда дос болып қаламыз деп ойладық, бірақ мен бірден оның мүмкін емес екенін түсіндім.
Өйткені бұл жағдайда мұңаю кезеңін бастан өткеру қиындау болар еді. Ал қарым-қатынасты аяқтаудың ең ауыр бөлігі – дәл осы кезең»,
деп жазды Әсел.
Актриса қазіргі таңда өз жағдайы әлдеқайда жақсы екенін айтып, қабылдаған шешіміне еш өкінбейтінін жеткізді.
«Өкініш деген қазір жоқ. Барлығы әрдайым жақсылыққа деп білемін. Бұған сенімім нық. Өмірде талай рет дұрыс шешім қабылдағанымды осы сенімім дәлелдеген. Ең бастысы, ажырасқаннан кейін қаншалықты қиын болса да, ең алдымен, менталды тұрғыдан жеңілдедім. Денсаулығым да жақсарды, көңіл-күйім де орнықты, өмірдің басқа да салаларында оң өзгерістер болды. Бұл – әрдайым жақсы белгі. Қазір өмірімде жаңа тарау басталды. Мен соған өте қуаныштымын»,
деді актриса.
Еске салайық, былтыр жылдың соңында Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасқанын хабарлаған еді. Ол бұл шешім екі жақты келісіммен қабылданғанын айтқан болатын.


Instagram/stories: @asselsadvakassova
Фото: Instagram