
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа бейнебаянының жарыққа шығатын күнін айтып, жанкүйерлеріне арналған челлендж жариялады.
Әнші қуанышты жаңалығымен бөлісті:
«Достар! 15 мамыр күні Астана уақытымен сағат 20:00-де менің YouTube арнамда «Тау ішінде» бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне — челлендж: ең көп қаралым жинаған және ең қызықты видео авторына үлкен сыйлық береміз!»
деп жазды Димаш.
Оның айтуынша, 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желілерінде «tauishindechallenge» хештегімен 8–25 мамыр аралығында жариялауға болады.
Челлендж нәтижесі 26 мамыр күні Алматыда өтетін фан-кездесу кезінде жарияланады.
«Сыйлық — менің жеке концертіме кез келген қалаға (Барселона, Берлин, Лондон, Рига) сапар. Ұшақ билеттері мен қонақүй — толығымен қамтылады»
деді Димаш.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, өз пікірлерін жазды.
«Қызық болайын деп тұр», «Қатысамын», «Биі бөлек әңгіме», «Кино ма деп қалдым ғой», «Димаш қазақтың ескі әндерін жаңғыртып жатыр», «Меніңше мына биді ешкім қайталай алмайды», — деп жазды олар.
Фото: Instagram