
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Ақтау тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады – қалаға Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі берілді.
Димаш өзінің Instagram-дағы блогында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» фестивалінде өнер көрсеткен бейнежазбаны жариялады.
Концертте керемет атмосфера орын алды – халық әртісті, ал ол өз тыңдармандарын көргеніне қуанышты болды.
«Киелі мекен Ақтауды Түркі әлемінің астанасы атағын алуымен құттықтаймын! Бұл жай ғана мәртебе емес – бұл халқымыздың бай мәдениетін, тарихын, рухын мойындау.
деп жазды Димаш.
Концертке келген 150 мыңнан астам көрерменге шын жүректен алғыс айтамын!»,
«Өте әдемі керемет концерт болды, бұрын соңды болмаған», «Димашты көріп мәз болдық», «Керемет концерт, керемет көңіл-күй болды! Жарқырай бер, Димаш!», «Маңғыстауға жылда келсеңіз қуанамыз», «Керемет, қазақтың мақтанышысың, Димаш!», «Концертте болдық, сөз жоқ!», – деп жазды Димаштың тыңдармандары.
Фото: Instagram