
Instagram: @raushan_kudaibergen
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің 23 жастағы кенже қарындасы Раушан жақын арада тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.
Раушан өзінің Instagram парақшасында «сырға салу» рәсімінің үзінділерімен бөлісті. Видеода ұлттық киім киген бойжеткен сүйіктісімен бірге би билеп, салтанатты кештен естелік сәттерді жариялады.
Желі қолданушылары Раушанды шын жүректен құттықтап, жас жұбайларға бақыт тіледі. Кейбіреулер болашақ жарын Димашқа ұқсатып жатты.
«Қымбатты Раушан! Қандай көріктісің! Отбасылық өмірің осындай көркем әрі өмірдің бар қызығына толы болсын», «Шын жүректен құттықтаймыз! Димаштың отбасындағы бұл ерекше сәттерді қайта-қайта қарап отырмыз!»,
деп жазды желі қолданушылары.
Раушанның сүйіктісі – әнші әрі музыкалық театр әртісі Ермахан Аймахан. Ол да Instagram парақшасына ерекше күннен бейнежазба жариялады.
Фото: Instagram