Димаш Раушан

Instagram: @raushan_kudaibergen/@kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында кенже қарындасы Раушанмен түскен суреттерін жариялады. Жақында ғана бойжеткеннің сырға салу рәсімі өткен болатын.

Фотоларды Раушан да өзінің жеке парақшасына жариялады. Жылы көңіл-күй сыйлайтын кадрларда аға мен қарындасы «сырға салу» рәсімі кезінде бірге түскен.

Айта кетейік, Раушанның таңдауы жас театр актері Ермахан Аймаханға түскен. Желі қолданушылары болашақ күйеу жігітті Димашқа ұқсатып жатыр.

«Осындай керемет суреттер үшін үлкен рахмет. Үлкен аға – өмір бойы тірек болатын жан. Тағы да құттықтаймыз», «Қарындасың қандай бақытты», «Димаштың көңілі босап қалғандай… Сүйікті қарындасын ұзату оңай емес», «Сұлу екен қарындасы, бақытты болсын!», – деп жазды Димаштың оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: