
Instagram: @jlo
Шоу Алматыда өтеді
10 тамыз күні Алматыда Дженнифер Лопестің екінші концерті өтеді. Бұл туралы 21 мамырда продюсер Мәлік Хасенов Динара Сатжанға берген сұхбатында айтты. Бұған дейін тек Астанада өтетін концерт жайлы ғана белгілі болған еді.
Kazinform мәліметінше, Астана мен Алматыдағы концерттерге сатып алынған билеттер қайтарылмайтын болып бекітілген. Бұл талап Дженнифер Лопестің халықаралық турын ұйымдастырушылар тарапынан қойылып, Қазақстанда екінші концерт өткізуге мүмкіндік берген негізгі шартқа айналған.
Еске салайық, Дженнифер Лопестің алғашқы концерті 1 тамыз күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де Freedom Ticketon (бұрынғы «Тикетон») платформасында сатылымға шыққан. Бірінші минуттардан бастап сайтқа 50 000-нан астам адам кіріп, жүйеге шамадан тыс жүктеме түскен. Нәтижесінде билет сату қызметі істен шығып, барлық билеттер небәрі 3 сағат 51 минут ішінде сатылып кеткен.
Фото: Instagram