
Instagram: @asselsadvakassova
Әсел Сәдуақасова шамадан тыс жұмыс істеп, соның салдарынан ішкі қажу мен күйзеліске ұшырағанын айтып берді.
Әсел өзі туралы stories-те айтты.
«Бұрындары айлар бойы тоқтамай жұмыс істейтінмін — кофе ішіп, тынымсыз күйде. Сосын демалысқа ұшып кетіп, жеті күнде бәрі қалпына келеді деп үміттенетінмін, бірақ бұл әсер тек жеті күнге ғана жететін»,
деп бөлісті актриса.
Оның айтуынша, мұндай қарқынмен жұмыс істеу әбден шаршатқан.
«Айлар бойы жинақталған ішкі қажу мен күйзеліс ешқайда кетпеді. Тіпті, дене тыныққанымен, іште бәрібір алаңдаушылық, шаршау мен бос сезім қалатын. Ми демалып үлгермейтін»,
деді ол.
Әсел бұл мәселені шешуге көмектескен маңызды қорытындыға келгенін айтты.
«Мен демалыс дегеніміз — «бір жерде» емес екенін түсіндім. Ол өмірдің бір бөлігі болуы керек және ең жақсысы, демалыс күнделікті тіршіліктің бір бөлігіне айналғаны, жылына бір рет болатын нәрсе емес»,
деп мәлімдеді ол.

Instagram/stories: @asselsadvakassova
Фото: Instagram