Гүлназ Жоланова

Instagram: @zholanova_gulnaz

Қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова тауда түсірілген әсерлі видеосымен бөлісті. Ол өзінің арманы орындалғанын атап өтті.

Гүлназ үшін Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан Мұзтауды көру үлкен арман болған.

«Кеше сол арманым орындалды. Біз ұшқан кезде жаңбыр жауып тұрды, Мұзтау толықтай ашылмады. Ал бұл – тағы келу керек деген белгі. Бірақ, дәл сол ауа райының да өз ерекше көрінісі, өз сәні болды»,

деп жазды актриса.

Видеода Гүлназ тауда гүлдердің арасында күртесін киіп серуендеп жүр. Оның артында ашылып тұрған керемет көрініс көпшілікті баурап алады.

«Біздің ғажайып Қазақстанымыз», «Еліміздің табиғаты қайталанбас, керемет», «Қандай әдемі табиғат!», «Көз тоймайды», «Қазақстан жері ғажап», «Швейцариядан да әдемі», «Қандай керемет», — деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: